10
қыркүйек
2024
Сынып жетекшілермен жиналыс өтті
2024 жылдың 10 қыркүйек күні сынып жетекшілер жиналысы өтті. 13-қазан күні сынып жетекшілері отырысы өтті. Отырысқа 1-11 сынып жетекшілері қатысты. Сыныптағы тәрбие жұмысын жандандыру барысында жоба жұмысының тиімділігі, тәрбиеленушілердің белсенділігі, шығармашылық ойлауға, ұйымшылдық қасиеттерін арттыру барысында жұмыстарды жүйелендіру мәселелері қозғалды. Өкінішке орай Алматинская область бойынша болып жатқан келеңсіз жағдайлардың алдын алу үшін мектеп психологтері А.Набиева мен М. Джамалиева әр баланың іс-әрекетіне, сабаққа деген ынтасын ата-анасы, пән мұғалімдерімен үнемі байланыс жасап, қадағалап жүруге шақырды және психологиялық қызмет жасауға қолдау көрсетуге әрдайым дайын екендерін ескертті.