09
қыркүйек
2022
5-ші сынып оқушыларының ата-аналарымен жиналыс
2022 жылы қыркүйектің 8-9 күндері аралығында 5 "А, Ә, Б" сынып оқушыларының ата-аналарымен жиналыс өткізілді. Жиналысқа сынып жетекшілері Н.Мухамбетова, Л.Шерманова, М.Бектурсинова, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б.Изенова мен педагог-психолог М.Джамалиева қатысты. Родителям балаларының мектептің ішкі тәртібін дұрыс орындауы, мектеп формасын сақтауы, сабақ кестесіне сай оқу-құралдарының толық болуын қамтамасыз етіп қадағалауы, түскі асын міндетті түрде ішіп келуі, сабаққа кешікпей келуі, олардың сыныптағы мінез-құлқы жайында айтылды. Мектеп психологі М.Джамалиева 5-сынып оқушыларының орта буынға сәтті бейімделуіне үштік одақ болып, бір ауыздан қолдау көрсетуге шақырды. 5-сынып ата-аналарына арналған кеңестер берді.