Бала тәрбиесі – ұлт болашағы » Мұхтар Әуезов атындағы орта мектеп
Алматинская область
Қарасай ауданы білім бөлімінің
"Мұхтар Әуезов атындағы орта мектебі"
отдела образования Кербулакского района
Приемная
+7(72)771 5-42-87
Бухгалтерия
+7(72) 43-50-93
Версия для
слабовидящих
08
қыркүйек
2018

Бала тәрбиесі – ұлт болашағы

Бала тәрбиесі – ұлт болашағы


Қыркүйек айында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 19.07.2018 жылғы  №27/4 хатына сәйкес ауданымыздың барлық мектептерінде «XXI ғасырдағы қазақстандық ата-ана: өз балаңа үлгі бол» республикалық ата-аналар конференциясы өткізілді.

      8 қыркүйек күні 1-сынып ата-аналарымен, 9 қыркүйек күні 10-11-сынып ата-аналарымен, 22 қыркүйек күні 5-6-7-сынып ата-аналарымен жиналыстар өткізілді.

         1-сынып ата-аналарына «Баланың  ақпараттық  қауіпсіздігін қамтамасыз ету»,  «Интернет балалар үшін несімен қауіпті?», «Қауіп түрлері», «Балада интернет-тәуелділік қалыптасуының алдын алу», «Информациятық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің 7 ережесі», «Отбасылық құндылықтарды нығайту» тақырыптарында баяндамалар оқылды, кеңестер берілді, бейнероликтер көрсетілді. Ата-аналар баласы үшін нағыз дос, кеңесші, қорған болуы керектігін жеткілікті дәрежеде ұғынды. Конференция соңында ата-аналар көп маңызды ақпарат алғандарын айтып, өз әсерлерімен кең түрде бөлісті.

         10-11-сынып ата-аналарына «Компьютерге тәуелділіктің алдын алу», «Жасөспірімнің суицидтік мінез-құлқының алдын алу», «Жасөспірімдер ортасына деструктивті діни ағымдар енгізудің алдын алу шаралары» тақырыптарында баяндамалар оқылды. Бейнероликтер көрсету арқылы маңызды, құнды мәліметтер берілді. «Өз балаңды жаман ортадан қалай қорғауға болады?» деген сұраққа ата-аналар толық жауап ала алды. Конференция соңында жоғары сынып оқушыларының ата-аналары бала тәрбиесіне немқұрайлы қарамау керектігін тереңірек түсінгендерін жеткізіп, мектеп ұжымына ақыл-кеңестері үшін алғыс білдірді.   

         5-6-7-сынып ата-аналарына «Депрессияның алдын алу», «Отбасылық құндылықтарды нығайту», «Жасөспірімдер  ортасындағы  девианттық мінез-құлық пен құқықбұзушылықтардың алдын алу» тақырыптарында ақыл-кеңестер берілді. «Ананың ізін қыз басар, атаның ізін ұл басар» деген халқымыздың қасиетті үлгі-өнегесін насихаттай отырып, «Әрбір ата-ана  ұмытпауы керек: оның өмірі, оның мінез-құлқы – бұл бала үшін үлгі. Балаларыңыздың жақсы болғанын қалайсыз ба – жақсы тәрбиеші болу аз. Жақсы адам болыңыздар!» - деген тамаша тілектермен конференция түйіні түйінделді.

         Ата-ана – бала тәрбиесіндегі ең бірінші тұлға. Сондықтан ұлтымыздың болашағы үшін білімді, тәрбиелі, саналы, бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелейік!

 

 

 

 

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив