05
қыркүйек
2024
1б сынып ата-аналарына психологиялық қолдау көрсетілді
Қазіргі кездегі баланың дамуына, жеке тұлға болып қалыптасуына ата-ана тәрбиесінің үлесі зор екендігін түсіндіре отырып, ата-аналарды өздерінің балаларының жан-дүниесін түсінуге, дұрыс қарым-қатынас жасауға және баланың жаңа ортаға тез бейімделуіне ықпал ету мақсатында 2024 жылдың 5 қыркүйек күні М.Әуезов атындағы орта мектебінің психологтары «Кел, танысайық!» тақырыбында 1-сынып жетекшісі Алия Ануарбековнамен бірге ата-аналармен танысу тренингін өткізді. Психологтер А. Набиева мен М. Джамалиева тренинг арқылы ата-аналарға балаларымен жағымды қарым-қатынасты орната отырып, балаға әрқашан назар аудару, түсінуге тырысу, ойындар ойнату арқылы көңіл-күйлерін көтеріп, зейіндерін аудара білуге шақырды.