27
қаңтар
2023
«Тыңда!», «Сөйлес!», «Құшақта!»
2023 жылдың 28-қаңтар күні М.Әуезов атындағы орта мектебінің педагог-психологі А. Набиева 4-сынып оқушыларымен психологиялық тренинг жүргізді. Тренингке білім алушылары белсенді қатысты.
Бала әрдайым ата-ананың аялы алақанын қажетсініп тұрады. Қиындықтар туған сәтте ата-анасының тарапынан қолдау тауып, үлкен сенім артылған баланың ісі оңға басады. Әрине, әр ата-ана баласына деген сезімін түрліше жеткізеді. Қандай жағдай болмасын, баланың өзіне деген сенімін тудырып, қолдап отыру, бала бір істен қателескен жағдайда оған шыдамдылық көрсету және баланы әрдайым тыңдай білу керек.
Әр сөздің ерекше қалыбы бар. Ол әр балаға пайдалы. Тіпті сап-сау, бақытты адам үшін де маңызды болуы мүмкін. Ата-анасының дауысы баланың ішкі дауысына айналмақ. Егер ата-анасы үнемі ашулана берсе, бала ол ойлаған нәрсені істемей, ата-анасы қынжыла берсе, онда өсіп келе жатқан ұрпағының бойына сәтсіздік пен дерттерден тұратын бағдарлама жазылып қалады. Егер ата-анасы үнемі мақтап, баласының әр ісін мақұлдап тұрса, оны бақытты, сау өмірге бағыттайды, сонда ғана барлық психоэмоционалды үдерістер қалыпқа түседі. Сонымен бірге баланың өмір сүруі үшін оны күніне 4 рет құшақтау керек, денсаулығы мықты болуы үшін күніне 8 рет құшағымызға қысуымыз керек, ал олардың өсуі үшін 12 рет құшақ қажет екен. Сондықтанда баланы «Тыңда!», «Сөйлес!», «Құшақта!»