Бала тәрбиесі – ұлт болашағы » Мұхтар Әуезов атындағы орта мектеп
Алматинская область
Қарасай ауданы білім бөлімінің
"Мұхтар Әуезов атындағы орта мектебі"
отдела образования Кербулакского района
Приемная
+7(72)771 5-42-87
Бухгалтерия
+7(72) 43-50-93
Версия для
слабовидящих
14
қазан
2018

Бала тәрбиесі – ұлт болашағы

Бала тәрбиесі – ұлт болашағы

 

Қыркүйек айында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 19.07.2018 жылғы  №27/4 хатына сәйкес ауданымыздың барлық мектептерінде «XXI ғасырдағы қазақстандық ата-ана: өз балаңа үлгі бол» республикалық ата-аналар конференциясы өткізілді.

      13 қазан күні 2-3-4-сынып ата-аналарымен, 14 қазан күні 8-9-сынып ата-аналарымен жиналыстар өткізілді.

            2-3-4-сынып ата-аналарына «Балалардың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету: балаларды интернет арқылы түсетін жағымсыз ақпараттан қалай қорғау қажет», «Балаларда интернет-тәуелділік қалыптасуының алдын алу», «Отбасылық құндылықтарды ілгерілету және нығайту: бала тәрбиесі үшін отбасы берекесінің маңыздылығы», «Кәмелетке толмағандарға қатысты құқық бұзушылықтардың алдын алу: қауіпсіздік ережелері немесе төрт «болмайды» ережесі», «Кәмелетке толмағандар ортасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу», «Мектеп ортасына деструктивті діни ағымдар енгізудің алдын алу шаралары. Мектепте діни атрибутика киюге тыйым салу. Әрбір мектеп оқушысын бірыңғай үлгідегі мектеп формасымен қамтамасыз ету – ата-ананың әлеуметтік маңызды міндеті», «Отбасылық тәрбиедегі 10 берекесіз жағдай», «Балалардың бастауыш мектептегі жиі кездесетін проблемалары, тәрбие процесіндегі ата-ананың міндеті», «Ойын, жағымды мотивация жасаудың тәсілі ретінде» тақырыптарында баяндамалар оқылды, кеңестер берілді.

8-9-сынып ата-аналарына «Жасөспірімдік жастың психо-физиологиялық ерекшеліктері және бала мінез-құлқындағы олардың көріністері», «Жасөспіріммен қалай жақсы байланыс орнатуға болады: сауатты тәрбиенің 12 ережесі», «Жасөспірімнің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Интернет-тәуелділік қалыптасуының алдын алу бойынша шаралар», «Кәмелетке толмағандардың суицидтік (ауто-деструктивті) мінез-құлқының алдын алу», «Отбасылық құндылықтарды ілгерілету және нығайту: бала тәрбиесі үшін отбасы берекесінің маңыздылығы», «Мектеп ортасына деструктивті діни ағымдар енгізудің алдын алу шаралары. Мектепте діни атрибутика киюге тыйым салу. Әрбір мектеп оқушысын бірыңғай үлгідегі мектеп формасымен қамтамасыз ету – ата-ананың әлеуметтік маңызды міндеті», «Жасөспірімдер ортасындағы девианттық мінез-құлықтың алдын алу», «Ата-ананың өзін-өзі талдауы: жақсы ата-ананың қандай қасиеттері менің бойымда бар, қандай қасиеттерді дамыту қажет?» тақырыптарында баяндамалар оқылды, кеңестер берілді.

Конференция бағдарламасында жоғарыда аталған проблемаларды шешу бойынша ұсынымдар, сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің тапсырысы бойынша жасалған бейнероликтер де қамтылды.

«Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны алады» деген қазақтың мақалын айта отырып, «Әр ата-ана егер өз баласымен сөйлесу үшін уақыт таппаса, онда оған ықпал ететін ата-ана емес, көше болатынын, ал ол әрқашан жағымды бола бермейтінін және ол баланы құқықбұзушылықтар әлеміне итермелеуі мүмкіндігіне апарып соқтыратынын үнемі жадымызда сақтайық. Бала үшін ең қымбат әрі құнды болып табылатын жандар, әрине, бұл -ата-анасы. Демек, ата-ананың ойы, сөзі, іс-әрекеті жағымды әрі бір-бірімен тығыз байланысты болса, біз саналы ұрпақ тәрбиелейтініміз сөзсіз. «Бақытты отбасы болыңыздар!» - деген жақсы лебіздермен конференциямыз аяқталды.

Бала тәрбиесі – ұлт болашағы

 

Бала тәрбиесі – ұлт болашағы