19
наурыз
2023
11-сынып ата-аналарымен жиналыс
2023 жылы наурыздың 19-жұлдызында М.Әуезов атындағы орта мектебінің педагог- психологі А.Набиева 11-сынып оқушыларын мемлекеттік қорытынды аттестаттауға психологиялық тұрғыда сүйемелдеу мақсатында ата-аналарға стресстің бала психологиясына кері әсері және одан арылу жолдары, қорытынды аттестаттауға және ЕНТ-ге балаға психологиялық қолдау көрсету жолдарын түсіндіріп, кеңестер берді. "Мен үшін ЕНТ..." , "Қар қиыршықтары" т.б. тренингтер жүргізді.