17
қыркүйек
2025
7-11 сынып қыздарына арналған психолог кеңесі
Қымбатты қыздар!
Сіздер - болашақтың тірегі, ұлттың ұяты, ұрпақ тәрбиесінің негізі болар асыл жандарсыздар. Сіздерге бүгін өздеріңізді жақсы көруге, бағалауға, өз өмірлеріңізге жауапкершілікпен қарауға арналған бірнеше маңызды кеңес айтқымыз келеді.
1.Өзіңді таны, өзіңе сен! Өз болмысыңды түсіну - дамудың басты қадамы. Сен кімсің, не істегің келеді, қандай мақсаттарың бар - осы сұрақтарға жауап беруге тырыс. Өзіңе сенімді бол, сенім - табысқа жетудің алғашқы баспалдағы.
2.Ішкі мәдениетті қалыптастыр! Сыртқы сұлулық уақытша, ал ішкі мәдениет - мәңгілік. Әдепті сөйлеу, дұрыс киіну, үлкенге құрмет, кішіге қамқор болу - әр қыздың бойында болуға тиіс.
3.Жеке шекара мен қауіпсіздік! Өзіңнің жеке кеңістігің мен сезімдеріңді құрметтету - маңызды. Біреудің сенің шекараңды бұзуына жол берме. «Жоқ!» деп айтудан қорықпа. Өзіңе жайсыз, сенімсіз әсер еткен жағдайлар болса, ата-анаңа, мұғалімге немесе психологқа жүгін.
4.Уақытты дұрыс пайдалан! Уақытыңды мәнді өткіз. Арман-мұраттарыңа жету үшін кітап оқы, пайдалы істермен айналыс, өзіңді үнемі дамытып отыр. Әлеуметтік желіге шектен тыс байланып қалма.
5.Дұрыс қарым-қатынас құра біл! Достарыңды дұрыс таңда. Шынайы дос - қиын сәтте қасыңда болатын адам. Ер балалармен қарым-қатынаста әдепті бол, шекараны сақта. Ешкімнің көңілін жықпай, өз қадіріңді де төмендетпе.
6.Психологиялық көмек – ұят емес! Өзіңді әлсіз, жалғыз сезінген кезде көмек сұрау - бұл әлсіздік емес, бұл - дана шешім. Психолог - сенің сырласың, қолдаушың. Кез келген сұрағыңмен, уайымыңмен келуге болады.
Сен - рекше, қайталанбас тұлғасың. Өмірің - сенің қолыңда. Өз болашағыңды бүгіннен бастап қалыптастыр. Жаның тыныш, жүрегің таза, өмірің жарқын болсын.