18
қыркүйек
2025
7-11 сынып ұлдарымен жиналыс өткізілді.
Психологтың кеңесі:
Құрметті ұлдар! Сіздер - ел болашағының иесі, ертеңгі азамат, отбасы тірегі, қоғамды алға жетелейтін тұлғаларсыздар. Бүгін сіздерге өз өмірлеріңізге жауапкершілікпен қарау, мінез-құлық, өзара қарым-қатынас және тұлғалық даму жөнінде бірнеше маңызды кеңесіміз бар.
1.Нағыз ер жігіт - жауапкершілікті сезіне алатын тұлға! Ер адам болу - тек күш пен билік емес, ол - алдымен жауапкершілік. Өз сөзің мен ісіңе жауап бере білу, отбасы мен достарыңа сенімді тірек болу - ер азаматқа тән қасиет.
2.Өзіңді тәрбиелеу - ең үлкен жеңіс! Ішкі тәртіп, сабыр, ар-намыс - жігіттің шынайы сәні. Өз эмоцияңды басқару, дөрекілікке жол бермеу, ашуға ерік бермеу - нағыз мықтылықтың белгісі.
3.Қыздарға деген қарым-қатынас – сенің мәдениетіңнің көрсеткіші! Қыз бала - анасындай, қарындасындай, болашақ жарындай құрметке лайық. Қарым-қатынаста әдептілік, сыйластық, жауапкершілік пен шекараны сақтау - ағыз жігітке тән мінез.
4.Досыңды дұрыс таңда! Көп достан гөрі, адал дос маңызды. Саған теріс әсер ететін ортадан аулақ бол. Шынайы дос - сені биікке жетелейді, қиындықта қолдайды.
5.Уақыт - баға жетпес байлық! Уақытты дұрыс пайдалана біл. Сабақ, спорт, пайдалы істермен айналыс. Әлеуметтік желі мен ойынға тәуелді болу - ер жігіттің жігерін жояды.
6.Психологқа жүгіну – ақылды адамның қадамы! Қиындық, уайым, ішкі күйзеліс - бәрі де адам өмірінде болады. Мұндай сәтте психологқа жүгіну - әлсіздік емес, керісінше, дана адамның әрекеті.
Нағыз жігіт - мықты мінезді, сабырлы, білімді, намысты, мәдениетті әрі ақылды болады. Сендер - еліміздің тірегі, болашағы. Өз жолыңды дұрыс таңдап, ар-намысты биік ұстаңдар!