20
қыркүйек
2025
9 "А" сынып ата-аналар жиналысында психологиялық қолдау көрсетілді.
Педагог-психолог М. Джамалиева 9 "А" сынып ата-аналар жиналысында "Допты жеткіз" жаттығуын жүргізіп, психологиялық кеңестер берді.
Құрметті ата-аналар! Жасөспірімдік кезең - баланың өміріндегі ең күрделі әрі маңызды кезеңдердің бірі. Бұл - ұлғалық қалыптасу, ішкі «Менін» іздеу, ересектікке алғашқы қадам жасайтын шақ. Осы кезеңде ата-ана мен баланың арасындағы сенім мен түсіністік - басты кілт.
1.Жасөспірімдердің жас ерекшелігіне сай өзгерістерге түсіністікпен қарау.
-14-15 жас - эмоционалдық тұрақсыздық, мінез-құлықтағы құбылмалылық байқалатын кезең;
-Бұл жаста бала өзінше болуға, еркіндікке ұмтылады;
-Ата-ананың тым қатал не тым жұмсақ болуы қиындық туғызуы мүмкін. Сын айтқанда, жеке басына емес, әрекетіне назар аударыңыз. "Сен жамансың" емес, "Бұл әрекетің дұрыс болмады" деп айту маңызды.
2.Байланыс үзілмесін - ашық әрі сенімді қарым-қатынас орнатыңыз!
-Жасөспірім ата-анамен ашық сөйлесуді қалайды, бірақ оған қолайлы орта қажет;
-Баланың ішкі дүниесіне ену үшін алдымен тыңдай білу керек. "Сенің пікірің мен үшін маңызды", "Не ойлайсың?" деген тіркестер арқылы оның өзін маңызды сезіндіре аласыз.
3.Үлкен талап -үлкен қолдаумен қатар жүруі тиіс!
-Қатаң талап пен қысым баланы күйзеліске ұшыратуы мүмкін;
-Жетістігін мойындау - мотивацияны күшейтеді. Тек сынамаңыз - мақтаңыз. Кішкентай жетістігін де байқап, қуаныңыз.
4.Қауіптерге қарсы бірлескен күрес!
-Кибербуллинг, әлеуметтік желілерге тәуелділік, жағымсыз орта - басты қауіптер;
-Қазіргі бала - цифрлық кеңістікте өмір сүріп жатқан буын. Балаңызды жазғырмай, саналы түрде қауіптен қорғауды үйретіңіз. "Сен неге бұлай істедің?" емес, "Сені не мазалайды?" деп сұраңыз.
5.Сүйіспеншілік пен сенім - бала тәрбиесінің негізі!
-Бала өзін жақсы көретінін, оған сенетінін білсе - ол адаспайды. Күніне бір мәрте балаңызға «Мен саған сенемін» деп айту – оның ішкі әлеміне үлкен тірек болады.
Бала тәрбиесі - бір күннің емес, бүкіл өмірлік еңбек. Сіздер - баланың ең жақын, ең сенімді адамысыздар. Психолог ретінде әрқашан серіктестікке, қолдауға дайынмын.