04
ақпан
2022
«Ризамын бүніге...» атты флешмоб өтті
2022 жылы ақпанның 3-күні директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б.Изенова, өзін-өзі тану пәні мұғалімі М.Джамалиева 1-5, 9-11 сыныптары арасында «Ризамын бүніге...» атты флешмоб жүргізді.
Флешмобтың мақсаты: Балалар мен жасөспірімдер арасында кеңінен тарап қалыптасып келе жатқан салт-дәстүрдің бір түрінмен таныстырып, әрқайсысының өзіне деген сенімділігін арттыру, өздерінің ерекше екендерін сезініп, басқалардың көздеріне түсіп, өздері ұнатқан әндерге топтасып, бірнеше бірыңғай жаттығуларынан тұратын би билеу арқылы сұлулыққа, әсемдікке, жауапкершілікке тәрбиелеу. 11 «Ә» сыныбының оқушылары Джаумбаева Арай, Даулетказы Ляззат, Халдыбаева Жанар өздерінің ұнататын шетел әуендеріне бірдей би қадамдарын жасап, флешмоб ұйымдастыра алды.
Ал 5-сынып оқушылары флешмобты жақсы билей алды, қызығушылық танытып өте белсенді араласты. Балалардың көңіл күйі көтеріңкі болды.