05
маусым
2019
"Шабыт" әдістеме бірлестігі жұмысының жылдық қорытынды есебі.
«М.Әуезов атындағы орта мектебі» КММ
2018-2019 оқу жылының «Шабыт» әдістеме бірлестігінің жыл бойынша атқарылған жұмыстарының мәтіндік есебі.
«Шабыт» әдістеме бірлестігінде бес мұғалім еңбек етеді. Бір жоғары білімді,төртеуі арнаулы орта білімді мұғалім.
«Шабыт» әдістеме бірлестігі тамыз айында құрылған жоспарға сүйене отырып жұмыс жүргізді. Әр айдың басында әдістемелік отырыс болып, жоспарда көрсетілген тақырыптар қамтылды.
Қыркүйек айының отырысында «Сын тұрғысынан ойлау стратегиясын еңбек сабағында қолдану» тақырыбында технология пәнінің мұғалімі Кажаканова К баяндама оқыды.
Қыркүйек айында «Отбасы –аялы алақан» тақырыбында мектепішілік көрме
өткізіліп, оқушылардың еңбектері марапатталды. Тілдер мерекесіне әр сынып газеттер байқауына қатысып 8а,ә,5,9 сыныптар марапатталды.
Қазан айында «Музыка сабағында оқушы шығармашылығын дамыту жолдары» тақырыбында Космамбетов Данышпан баяндама оқып, талданды.
Жоспарда көрсетілген ашық сабақтар және сыныптан тыс сабақтар да өз деңгейінде өткізілді. «Еңбек-өмір мәні» тақырыбында пән мұғалімі Ахметжанова Г, 8ә сыныптарда және сыныптан тыс сабақ өткізді. «Көркем кесте» тақырыбында пән мұғалімі Кажаканова К, 9 а сыныбымен ашық сабақ өткізді. 23 қазанда «Табиғат сырлары» тақырыбында 5-8 сыныптар арасында мектепішілік газет байқауы өткізілді. Барлық сыныптар өздерінің қызығушылықтарын көрсете отырып қатысты. Қазан айында дарынды оқушылармен дайындық жұмыстары өткізілді. Аудан бойынша өткен жас мамандар слетіне қатысып, музыка пәнінің мұғалімі Космамбетов Данышпан ІІІ- дәрежелі дипломмен марапатталды. Қараша, желтоқсан айларында жоспарда көрсетілген «Құрақ құрау ғажайыбы», «Өру өнері», «Заманауи музыкалық жанрлар» ашық сабақтар өз уақытында өткізіліп отырды.
Қараша айында аудандық ғылыми жоба байқауынан 9 ә сынып оқушысы Ерсайын Әдемі қатысып І дәрежелі дипломмен марапатталып, облысқа жолдама алды. Облыстық ғылыми жобалар байқауынан ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.
Технология пәнінің мұғалімдері Кажаканов А, Кажаканова К «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» аясында өткен, «Салт-дәстүрім санамда, жаhандану заманда» атты аудандық көрмеде ІІІ орын, дипломмен марапатталды.
Аудан бойынша 1 желтоқсан Президент күніне өткен «Ел тірегі - Елбасы» Республикалық рухани жанғыру байқауына қолөнер жұмыстарымен 8 ә сынып оқушысы Тоқсанбаева Қаракөз қатысып, Қола жүлдесіне ие болды. Жетекшісі Ахметжанова Г дипломмен марапатталды.
8 сынып оқушысы Джаумбаева Арай Қазақстан Республикасының Кіші академиясының 12-ші ғылыми тәжірибелік конференциясына қатысып, Мадақтамамен марапатталды.
Бұл да «Шабыт» әдістеме бірлестігінің жетістігі.1-ші желтоқсан күніне, жемқорлыққа қарсымыз тақырыптарына, тәуелсіздік күніне мектепішілік газет, суреттерден мектепішілік көрмелер өткізілді. Желтоқсан айының 11.12 – 25.12 күні аралығында «Асыл тастан шығады, өнер жастан шығады» тақырыбында «Шабыт» әдістеме бірлестігінің онкүндігі болып өтті. Бұнда бірлестік пән мұғалімдері ат салыса қатысты. «Шебердің қолы көпке ортақ» тақырыбында мектепішілік оқушылардың қолөнер жұмыстарынан көрме өтті. «Шалма тастау» тақырыбында 8-9 сынып арасында сайыс сабақты Кажаканов А өткізді. «Тапқыр достар» 5 ә сыныбында, «Ғажайып сурет әлемі» 4 сыныптар арасында бейнелеу, көркем еңбек пәнінен Ахметжанова Ғ сайыс сабақ көрсетті. «Сумоншақ» тақырыбында Кажаканова К ашық сабақ берді. «Саз әлем», «Кім іскер және кім шебер?» музыка, технология пәнінен сайыс сабақтар өткізілді. Онкүндіктің аяқталуында оқушылардың еңбектері мақтау қағазымен марапатталды.
Пән мұғалімдер семинарларға барып өз білімдерін жетілдірді. Технология пәні мұғалімі КажакановаК «Көркем еңбек жаңа теориясы», тақырыбында , «Латын әліпбиі- рухани жаңғыру бастауы» Республикалық ғылыми әдістемелік конференция сертификаты мен марапатталды. «Көркем еңбек пәні мұғалімдерінің кәсіби құзіреттілігін дамыту» тақырыбында Республикалық семинарға қатысып мақтау қағазымен марапатталды.
Қаңтар айында «Қораптарды шегемен құрастыру» және «Көктем аруы» тақырыбында Кажаканов А,Кажаканова К ашық және сайыс сабақтар өткізді. Ақпан айында «Оқушылардың шығармашылық ізденістерін қалыптастыру» тақырыбында Кажаканова Г баяндама жазып әдістеме бірлестік отырысында оқыды. «Жемістерден натюрморт» тақырыбында Ахметжанова Г 5 сыныптарда ашық сабақ өтті. Сонымен бірге наурыз айында «Оқытудың тиімді технологияларын музыка сабағында пайдалану» тақырыбында баяндама оқып әдістеме бірлестік отырысында талданды. «Дизайн және технология», «Дыбыстау және музыкалық әуен» тақырыптарында Кажаканова К, Космамбетов Д 6-7 сыныптарында ашық сабақ өтті. Әр түрлі тақырыптарға байланысты мысалы: Рухани жаңғыру тақырыптарына көрмелер қойылды. «Құстар - біздің досымыз» тақырыбында 5-6 сыныптардың оқушыларының жұмыстарынан мектепішілік көрме откізілді. Амантай Ж, Дюсенбаева З, Құрбанбаева Т т.б оқушыларымыздың құстардың ұясын өте керемет жасалған жұмыстарымен марапатталды. «Шебер қолдар», «Ұлы даланың жеті қыры», Аудандық тарихи-өлкетану музейінде: рухани жаңғыру аясында, «Шебер қолдар» көрмелері болып өтті. Сурет пәні бойынша «Табиғат аясында» рухани жаңғыруға аудандық көрмеге оқушылар жұмысы тапсырылды.
Рухани жаңыру аясында өткен Республикалық интеллектуалды олимпиадаға сабақтарымен қатысқаны үшін «Ғасыр ұстазы» дипломы және төсбелгісімен Кажаканова Г, Ахметжанова Г марапатталды.
Дарынды оқушы еліміздің тірегі, ұлтымыздың болашағы. Бүгінгі ұстаздар қауымының алдындағы негізгі міндет-дарынды балдардың қабілетін шыңдап, шығармашылық шыңға жеткізу. «Ынтымақ» өнер-білім орталығы ұйымдастыруымен өткен І Республикалық «Мен өнерге келгенім жоқ бір күнге....» атты ән фестивалінде 4 свнвп оқушылары Төлегенов Ерлан І дәрежелі, Серікқалиев Ақжол ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.
2018-2019 оқу жылында әдістеме бірлестігі мұғалімдерінің де жетістіктері аз болған жоқ. Көркем еңбек пәні мұғалімі К. Кажаканова аудандық білім бөлімінің Құрмет Грамотасымен, музыка пәні мұғалімі М. Балманова Шамалған ауыл әкімінің алғыс хатымен, «Ынтымақ» орталығының ұйымдастыруымен өткен І Республикалық ән фестивальінде шәкірттерінің жетістігі үшін Алғыс хатпен марапатталды.
«Шабыт» әдістеме бірлестігінде жыл бойына барлық пәндердің оқу бағдарламасы толық, күнтізбелік жоспар бойынша орындалып шықты. Сонымен қатар күнделікке толық қойылды және Bilim Land сайтын пән мұғалімдері сабақта пайдаланып отырды.
Ашық сабақтардан көріністер