11
наурыз
2025
Республикалық оқыту вебинары ұйымдастырылды
2025 жылдың 11 наурыз күні "Өркен" балалардың әл-аухатын арттыру ұлттық ғылыми-практикалық институтының "Ата-аналар чатындағы деструктивті қарым-қатынас түрлері және олардың балалар ұжымындағы тұлғааралық қатынастарға әсері: реттеу жолдары" тақырыбында республикалық оқыту вебинары ұйымдастырылды. Әріптесіміз Юлия Форзаның "Ата-аналар чатындағы агрессивті қарым-қатынас және оның оқу процесіне әсері" тақырыбында қорғаған презентациясы және өз іс-тәжірбиесімен бөліскен жаңашылдығы ұнады. Сұрақтар: *Балалар оқу процесінде ата-аналардың көңіл күйін, олардың қамқорлығы мен ашуын, агрессиясы мен назарын, бақылауы мен сенімін сезіне ме? *Ата-аналар чатындағы қарым-қатынас сыныптағы ахуалға әсер ете ме? *Бұл мұғалімдерге қалай ықпал етеді? *Осындай жанжалдарды шешуде этика мәселелері мен көмек көрсету жолдары қарастырылды ма?
Бұл мәселе - қазіргі білім беру процесіндегі өзекті тақырыптардың бірі. Ата-аналардың қарым-қатынасы тек балалардың эмоционалдық жағдайына ғана емес, сыныптағы ахуал мен мұғалімдердің жұмысына да тікелей әсер етеді. Осындай вебинарлар өзара түсіністік орнатуға, жауапкершілікті сезінуге және конструктивті диалог құруға көмектеседі. Ұйымдастырушыларға алғыс білдіремін!