06
наурыз
2025
«Оқушылар арасында аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу» тақырыбында педагогтерге арналған оқыту семинары өтті.
2025 жылдың 6 наурыз күні "Өркен" балалардың әл-аухатын арттыру ұлттық ғылыми-практикалық институтының тренері Адбикаликова Берикгуль Тулепбергеновна Б. Момышұлы атындағы орта мектеп базасында «Оқушылар арасында аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу» тақырыбында педагогтерге арналған оқыту семинары өткізді. Бұл семинарда М. Әуезов атындағы орта мектебінің педагог-психологі М. Джамалиева әріптестері С. Жауханова, М. Қайырллаевамен бірге "Қызметтік ерікті реттеу" және "Төрт аңыз" ойын-жаттығуларын жүргізді. Мақсаты: педагогтердің өзін-өзі басқару дағдыларын дамыту. Мұндай жаттығулар педагогтердің реактивтілігін арттырып, моторлық және когнитивті дамуына ықпал етеді. 🔹 Жасөспірімдердің психикалық денсаулығын сақтау; 🔹 Қауіпті белгілерді тану және алдын алу;🔹 Тиімді психологиялық әдістер. Білім беру – тек оқыту ғана емес, сонымен қатар қауіпсіз орта қалыптастыру! 🏫💙








