18
желтоқсан
2024
Келеңсіз әрекеттерге итермелейтін интернет сайттар жайында бейне кеңестер берілді
2024 жылдың 18 желтоқсан күні аралығында педагог-психологтің 2024-2025 оқу жылына арналған жұмыс жоспарына сәйкес А. Набиева мен М. Джамалиева 1-11 сынып оқушыларының ата-аналарына арналған "Келеңсіз әрекеттерге итермелейтін интернет сайттарға кірген кәмелетке толмағандарды анықтау және алдын алу" мақсатында ата-аналарға осы бағытта ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Ата-аналарға төмендегідей үлгіде (және тағы да басқадай үлгіде) кеңестер берілді.
Ата-аналар назарына!
Балаңыздың қандай сайттарға кіріп жүргенін немесе кіммен сөйлесіп қандай ойындар ойнап жүргенін тексеріңіз.
- Балаларды қауіпке итермелейтін интернет ойындарға жолатпаңыз.
- Егер балаңыздың бойынан ашушаңдық, ұйқысыздық, үнемі шаршау мен оқу үлгерімнің нашарлағанын байқасаңыз онымен сөйлесудің жолын бірден табуға тырысыңыз.
- Балаңызды арнайы бағдарламаларды телефоныңызға жүктеу арқылы бақылауға алыңыз.
- Сонымен қатар сізге көмек көрсететін, балаларға арналған тәулік бойы жұмыс істейтін 111 байланыс нөмірін мектептегі педагогикалық қолдау орталықтары, психологиялық кеңес беру орталықтары, бала құқықтары жөніндегі өңірлер бар екенін есте ұстаңыз.
- Ата-ананың қамқорлығын сезіну бала үшін өте маңызды.
- Бала тәрбиесі – басты құндылығымыз!

