«Әлеуметтік желіде қауіпті ойындар» тақырыбында дәріс оқып, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
2024 жылдың 7-13 қазан күндері аралығында педагог-психологтің 2024-2025 оқу жылына арналған жұмыс жоспарына сәйкес А. Набиева мен М. Джамалиева әлеуметтік желіден тарайтын келеңсіз ойындардың алдын алу мақсатында 1-11 сынып оқушыларының ата-аналарына арналған «Әлеуметтік желіде қауіпті ойындар» тақырыбында дәріс оқып, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Бүгінгі таңда балаларлың әлеуметтік желіні пайдалануы мектеп мұғалімдері үшін бас ауыртар ең үлкен проблеманың біріне айналғаны даусыз. Жаңа заман педагогі жалпы интернеттің балаға, оның ішінде мектеп оқушысына кері әсері туралы ой қозғады. Алайда, әлеуметтік желіні пайдалану тәртібін сақтай отырып, тек пайдалы контенттер көруді үйретіп, интернеттің зиянды тұсын ашық талқылып, бала санасына жеткізі білетін ата-аналар да баршылық. Соның бірі – көпбалалы ана Гаухар Момынжанова. Көпбалалы ана баласын бақылауда ұстап, қысым көрсетуді емес, жақсылап, сабырмен түсіндіре білу керектігін ұсынады. ліміздегі балалар мен жасөспірімдер санасының, қала берді ұлттың саулығын ойласақ, әлеуметтік желілерге деген талапты біздің ел де қатаңдатуы керек.
