13
қыркүйек
2024
5б сынып ата-аналарына психологиялық қолдау көрсетілді.
2024 жылдың 13 қыркүйегінде М. Әуезов атындағы орта мектебінің педагог-психологтері А. Набиева мен М. Джамалиева 5 «Б» сынып жетекшісі Н. Сержановамен бірге «5 сынып оқушыларының орта буынға бейімделуі» тақырыбында ата-аналар жиналысын өткізді. Жиналыс барысында ата-аналарды ұйымшылдыққа шақыру мақсатында ойын-жаттығулар жүргізілді. Сонымен қатар, 5-сыныптың орта буынға бейімделуі жайлы толық мәлімет беріліп, 5-сыныпқа өткен баланың бойында қандай өзгерістер болатыны, қандай қиындықтарға тап болатыны, пән санына қарай мұғалімдердің сан алуан артуы, талаптардың күшеюуі, жаңа қоғамдық орта талаптарына сай бола білуі және сол мәселелерді жеңіл еңсеру үшін ата-аналар тарапынан қандай көмек, қолдау керектігі жайында кеңестер мен ұсыныстар айтылды.