20
қыркүйек
2024
5-сынып педагогтеріне бейне кеңес берілді
М. Әуезов атындағы орта мектебінің психологі М. Джамалиеваның "Бесінші сынып оқушыларының орта буынға бейімделуі" тақырыбында пән мұғалімдеріне арналған кеңесі.
Бесінші сынып оқушыларының орта буынға бейімделуі бойынша пән мұғалімдеріне жадынама
* Балалармен сыпайы болыңыз. Тақтаға шақырғанда балаларды есімдерімен атап, жақсы көңіл күймен шақырыңыз;
* Баланың білімін тексеру алдында тыныштандырыңыз. Баланы тақтаға шақырғанда, алдымен тапсырманы түсіндіріңіз, сонда баланың жауап жоспары әрі жауап беруінде ешқандай қиындық туындамайды;
* Оқушыларды өзара салыстырудан аулақ болыңыз. Себебі салыстыру баланың өзін-өзі бағалауының төмендеуіне алып келеді;
* Балаға ыңғайсыздық туғызбаңыз. Баланы тақтаға шақырып, тапсырманы бергеннен кейін алыстаңыз, оның жанында тұрғаннан өзін ыңғайсыз сезінуі мүмкін;
* Егер бала қателесіп қалса, көмектесіңіз. Баланың жанына сыныптастарын көмекке шақырыңыз - тақтада екеу болу қызықтырақ болады;
* Баланың ойын бұзбаңыз, зейін қойып тыңдаңыз. Баланың толық жауап беруіне мүмкіндік беріңіз, ойын тыңдаңыз және ескертулермен бұзбауға тырысыңыз. Себебі әр сөз құнды.
Бесінші сынып тек жаңа сатыға өту ғана емес, сонымен бірге жаңа даму кезеңі жасөспірімдік шақ екенін ұмытпаңыз.