10
қаңтар
2023
«Қарым–қатынас дағдыларын» дамытуға арналған психологиялық жаттығулар ұйымдастырды
М.Әуезов атындағы орта мектебінің педагог-психологтары А. Набиева мен М.Джамалиева 7 "Б" сынып оқушыларымен «Қарым–қатынас дағдыларын» дамытуға арналған психологиялық жаттығулар ұйымдастырды. Мақсаты: Сынып оқушыларын қарым-қатынас жасауға дағдыландыру, дұрыс қарым-қатынасқа түсу мәдениетін қалыптастыру, өз ортасына еркін бейімделуіне ықпал жасау, олардың бір-бірін түсіністікке, достық, жолдастық қарым-қатынасының қалыптасуына әсер ету. Оқушылар тренингке белсенді қатысты. Балалар бүгінгі тренингтен алған әсерлерін ортаға салды, не түйгендері жайында эмоциялық белгілерімен белгілеп, көрсетті.