14
сәуір
2023
«Өнегелі әже, өнерлі келін» атты сайыс
Сәуірдің 14 жұлдызында бастауыш әдістеме бірлестігінің онкүндігі аясында, бастауыш сынып мұғалімі Умирзакова Нурсулу Жаналиевнаның ұйымдастыруымен бастауыш сынып мұғалімдерінің арасында «Өнегелі әже, өнерлі келін» атты сайыс өткізілді. Еліміздің ертеңін тәрбиелейтін аналар, келіндер. Сол себептен ұлтымыздың салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын олардың бойына сіңіріп өсіру-басты мақсатымыз. Осы байқауда әжелеріміз бен келіндеріміз топты таныстыру, топпен өнер көрсету, ұлттық қолөнер бұйымдарын жасау, ұмыт болған ұлттық тағамдар, сұрақ-жауап кезеңдері бойынша сайысқа түсті. Білімдерін, өнерлерін көрсетіп сайыс нәтижелері бойынша барлық сайыскерлер номинациялармен марапатталып, "Өнерлі келіндер" 1-орынға ие болды.















