07
қазан
2022
Ата-аналар жиналысы
2022 жылдың 7-қазан күнінде М.Әуезов атындағы орта мектебінің 7 "Б" сынып оқушыларының ата-аналарына жиналыс өткізілді. Жиналыста сынып жетекшісі Ж. Ералиева сөз алып, бүгінгі күнге дейінгі оқушылардың тәртібі, ынтасы, тазалығы жайында, ұйымдастырылған аудандық, аймақтық, мектепішілік іс-шараларына жеке-жеке тоқталып, оның ішінде қол жеткізген жетістіктері туралы айтты. Мектеп психологы М.Джамалиева ата-аналарға арналған жадынама таратып, кеңестер берді.