29
қаңтар
2025
"Оқуға құштар" жобасы аясында ойын-жаттығулар жүргізілді.
М.Әуезов атындағы орта мектебінде Алматы облыстық әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 29.01.2025ж.күні облыстық семинар өтті. Облыстық семинарда іс-тәжірибе алмасу мақсатында мектеп кітапханашысы Г.Усенбекова "Оқуға құштар" жобасы аясында "Артық ғылым кітапта, ерінбей оқып көруге..." тақырыбында өзінің іс-тәжірибесімен бөлісті. "Оқуға құштар жобасын" тамашалауға қатысқан қонақтарды мектеп психологтары А.Набиева мен М.Джамалиева сергітуге арналған ойын-жаттығулары арқылы жылы әрі көңілді қарым-қатынас орнатып, мектеп кітапханшысы Г.Үсенбекованың дайындаған іс-тәжірибесімен бөлісуге шақырды.

