29
қаңтар
2025
"Жаратылыстану сабақтарында лабораториялық жұмыстарды ұйымдастыру" тақырыбында облыстық семинар өткізілді
М.Әуезов атындағы орта мектебінде Алматы облыстық әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 29.01.2025ж.күні "Жаратылыстану сабақтарында лабораториялық жұмыстарды ұйымдастыру" тақырыбында облыстық семинар өткізілді. Мектеп психологтары А.Набиева мен М.Джамалиева семинарға келген қонақтарды "Танысу, тілек айту" тренингі арқылы жылы қарым-қатынас орнатып, "Көңіл күйді ұстап қал", "Шармен би" атты көңілді жаттығуларымен қатысушыларды өз эмоцияларын шығара білуге шақырды.