5 "Ә" сынып ата-аналарымен өткізілген жиналыс
5 "Ә" сынып ата-аналарымен өткізілген жиналыста мектеп психолгі А.Набиева "Мен баламды мақтан тұтамын" тақырыбында тренинг жүргізді. Мақсаты: Қазіргі кездегі баланың дамуына, жеке тұлға болып қалыптасуына ықпал етіп, ата-ана тәрбиесінің әдіс-тәсілдерін жетілдіре отырып, жағымды қарым-қатынас орнату. Психолог баланың бойында барлық жақсы қасиеттерді дарыту, тіпті жанында жүрген достарына дейін мән беру, табиғат сыйлаған дарыны болса, дамыту, білім алуына жағдай жасау ата-ананың парызы, сондай-ақ балалардың бойында әртүрлі, жеке, есте қаларлықтай өздерінің қайталанбас қылықтары бар. Соларды сезе біліп, түсіну қажет екендігі туралы кеңес берді. Тренинг арқылы өз балаларының бойындағы жақсы қасиеттерін айтқыза отырып, ата-аналарға мотивация бере білді. Тренингке ата-аналар белсене қатысып, қызықты өтті.