08
қыркүйек
2023
"Баланың басты ұстазы - ата-ана"
М.Әуезов атындағы орта мектебінде 8 ә сынып оқушыларының ата-аналарымен сынып жетекшісі Азиева Жансая мектеп психологі А.Набиевамен бірлесіп, "Баланың басты ұстазы - ата-ана" тақырыбында тренинг түрінде ата-аналар жиналысын ұйымдастырды. Мақсаты: Баланың дамуына, жеке тұлға болып қалыптасуына ата-ана тәрбиесінің әдіс-тәсілдерін жетілдіре отырып, қарым-қатынас орнату. Ата-аналардың мектеп өмірімен тығыз байланысын арттыру, балалармен бірге мейірімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеудің жолдарын көрсету, бала тәрбиелеу сапасының аз да болса жоғарлауына ықпал ету. Ата-аналар тренингке белсене қатыса отырып, ойын-жаттығу барасында өз пікірлерін ашық айтты. Бала тәрбиесінде жіберіліп жатқан олқылықтарды қалай шешуге болатынын талқылап, бір-бірлеріне кеңестер берді.