17
қазан
2023
"Мектеп, ата-ана, бала арасындағы байланыс"
М.Әуезов атындағы орта мектебінде 8 б сынып оқушыларының ата-аналарымен сынып жетекшісі Г.Иматаева мектеп психологі А.Набиевамен бірлесіп, "Мектеп, ата-ана, бала арасындағы байланыс" тақырыбында тренинг түрінде ата-аналар жиналысын ұйымдастырды. Ата-аналар жиналысының мақсаты: ата-ананың бала тәрбиелеудегі оң психологиялық көзқарасын, балаға деген жауапкершілік сезімін қалыптастыру.
Ата-аналар тренингке белсене қатыса отырып, ойын-жаттығу барасында өз пікірлерін ашық айтты. Бала тәрбиесінде жіберіліп жатқан олқылықтарды қалай шешуге болатынын талқылап, бір-бірлеріне кеңестер берді.