«Жас көшбасшы» » Мұхтар Әуезов атындағы орта мектеп
Алматы облысы
Қарасай ауданы білім бөлімінің
"Мұхтар Әуезов атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72)771 5-42-87
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
19
сәуір
2023

«Жас көшбасшы»

Көшбасшылар барлық жерде бар. Қоғамның әр саласында, өнеркәсіптің әр құрылымында. Олар әрқашан болған және болады. Көшбасшылыққа баулу арқылы тәрбие мен білім беру-бастауыш мектептен басталады. Мектеп – өмірде қандай тұлға болатыныңызды айқындайтын өткел. Мектеп қабырғасында жүріп қалыптасқан әдет-дағды бүкіл өмірге себепкер болады. Үлгілі  шәкірттердің жетістігі ұстаз үшін - биік мәртебе болса, ата - анасы үшін үлкен қуаныш. Сондай жетістік иелері «Жас көшбасшы» журналының ортасынан ойып тұрып орын алған М.Әуезов атындағы орта мектебінің 3 «а» сынып оқушылары  Ахмедова Муслима Махсетовна мен  Өтеміс Мухаммедали Барақұлы.Олардың білімі мен өнер қоржынындағы жетістіктері мақтанарлықтай екенін, Муслима да, Мухаммедали де бір мақсаттың төңірегінде біріге алатын , үлкен жетістіктерге жетуге ұмтылатын оқушылар, – деп атап көрсетті сынып жетекшісі Курманова Алия Анарбековна. Қазіргі заман талабы «Білімдінің күні жарық, білімсіздің күні қараң» екенін мойындап, өркениетке, ғылымға бет бұруды ұсынған кезең.Ендеше әр оқушы көшбасшы болуға лайық. Егеменді еліміздің болашағы – білімді ұрпақтың қолында екенін ұмытпайық!

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив