07
ақпан
2022
«Мейірім төгетін ана» кітап көрмесі өтті.
7.02.2022ж күні
М.Әуезов атындағы орта мектебінде «Өзін–өзі тану: Сүйіспеншілік пен Шығармашылық педагогикасы» атты өзін-өзі тану пәнінің онкүндігі аясында кітапхана қызметкерлері Г.Усенбекова, Р.Коржумбаева, бастауыш сынып мұғалімдері Н.Аулбекова, Л.Имангалиева, Б.Доскалиева, өзін-өзі тану пәні мұғалімі Н.Естемесова «Мейірім төгетін ана» кітап көрмесін ұйымдастырды.
Мақсаты: білімнің кітап арқылы берілетінін, адам өміріндегі маңызы, ғылым мен білімнің пайдасын түсіндіру, кітапқа деген қызығушылығын арттыру, білімге құштарлығын ояту,
кітапты таза ұстауға баулу, тазалыққа, мейірімділікке баулу, тәрбиелеу.
Мектепалды даярлық пен 1 «Б» сынып оқушылары мектебіміздің кітапханасына саяхат жасады.
Жас бүлдіршіндер кітапханамен танысты, биік-биік сөрелерде тұрған кітаптардың көп екенін байқады. Сонымен бірге, олар балаларға арналған журналдар, әдебиеттермен, инновациялық сөйлейтін қалам арқылы 12 кітаптан тұратын "Даналық әліппесі", үш тілдегі деңгейлік ағылшын тіліндегі брошюраларды да байқап көрді. Кітапхана меңгерушісі Ш.Усенбекова өзін-өзі тану пәннің авторы, "Бөбек" қорының негізін қалаушы Сара Алпысқызы Назарбаева жайында түсінік берді. Оқушылар кезекпен өздерінің тақпақтарын айтты.