02
ақпан
2022
1-11 сынып оқушылары арасында «Сыйынар ем, Ана деген тәңірге!» тақырыбымен эссе жұмысын жүргізді.
2.02.2022ж күні өзін-өзі тану пәні мұғалімі Н.Аубакирова 1-11 сынып оқушылары арасында «Сыйынар ем, Ана деген тәңірге!» тақырыбымен эссе жұмысын жүргізді.
Эссе жұмысының мақсаты: оқушылардың жүзінен мейірім нұры төгіліп: «Құлыным, ботақаным, шаңырағым, шырағым, арманым, күнім!» деп мың толғанып, емірене иіскейтін ақ жаулықты аналарға риясыз сүйіспеншілігін, мейірім мен қамқорлығын, үлкенге құрмет көрсетуі арқылы жалпыадамзаттық құндылықтарды бойына сіңіруге баулу.
1-11 сынып оқушылары ата-ана мен перзенттердің арасы қандай қатынаста болуы керектігі, өмірге шыр етіп келген күннен бастап, өзің үшін жаралған жандар жайында, өміріңнің сәнін де, әрін де келтіретін, жаманыңды жасырып, жақсылығыңды асыратын ең жақын адамдарының бар екендігін, өздерін жалғыз сезінбейтіндерін, «ана», «әке» деген сөздер өмірдегі ең асыл, ең қасиетті де қастерлі ұғымдар екендігі, әке-шешенің өсіріп тәрбиелеген, білім беріп жетілдірген жемісі - бала-шағасы туралы өз ойларымен бөлісті.