Жетістіктеріміз » Страница 3 » Мұхтар Әуезов атындағы орта мектеп
Алматы облысы
Қарасай ауданы білім бөлімінің
"Мұхтар Әуезов атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72)771 5-42-87
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Тәуелсіздік - тұғырым» атты байқауы
19
желтоқсан
2022
«Тәуелсіздік - тұғырым» атты байқауы
2022 жылы 19-желтоқсан күні М.Әуезов атындағы орта мектебінің 3 «Б» сынып оқушысы Сабит Темірлан Дастанұлы Алматы қаласындағы Халықаралық ғылым мен білім қолдау орталығының «Дарынды бала» республикалық балалар мен жасөспірімдер сайтының ұйымдастыруымен оқушылар шығармашылығына арналған «Тәуелсіздік - тұғырым» атты байқауына қатысты. Байқауға қатысқан Т.Сабит үздік нәтиже көрсеткені үшін «Ең үздік сурет» номинациясы бойынша І-дәрежелі Дипломмен марапатталды. Аталған іс-шараға өз оқушысын
«Алаш мұраты - Тәуелсіздік»  атты Республикалық шығармашылық байқауы
05
желтоқсан
2022
«Алаш мұраты - Тәуелсіздік» атты Республикалық шығармашылық байқауы
Инклюзивті білім беру - балалардың әр түрлі дене, психикалық, зияткерлік, тілдік және өзге де ерекшеліктеріне қарамастан, сапалы білім беру ортасына ерекше  білім алу қажеттіліктері бар балаларды қосуды, барлық кедергілерді жоюды көздейді. Сондықтан  олардың сапалы білім алуы және әлеуметтік бейімделуін нығайту мақсатында түрлі байқауларға қатысуын қадағалау басты мақсатымыз. 2022 жылы желтоқсанның 5-20 жұлдызы аралығында М.Әуезов атындағы орта мектебінің 3 «Б» сынып оқушысы Сабит Темірлан
«Кәсіби құзыреттілік: бастауыш сыныптардың мұғалімі» атты педагогтарға арналған республикалық онлайн-олимпиадасы
28
қараша
2022
«Кәсіби құзыреттілік: бастауыш сыныптардың мұғалімі» атты
2022 жылы 28-қараша күні М.Әуезов атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Кузенбаева Айнур Кызырбековна «Кәсіби құзыреттілік: бастауыш сыныптардың мұғалімі» атты педагогтарға арналған республикалық онлайн-олимпиадасына қатысып, 3-орынды иеленіп, Дипломмен марапатталды.
«Абай оқулары» атты республикалық эссе
07
қараша
2022
«Абай оқулары» атты республикалық эссе
2022 жылы 12-қазан мен 7-қараша аралығында «Алтын адам» Халықаралық өнер және білім академиясының ұйымдастыруымен «Абай оқулары» атты республикалық эссе, шығарма және өлең байқауына М.Әуезов атындағы орта мектебіміздің 6 «Ә» сынып оқушысы  Ибраимова Динара мен 7 «Ә» сынып оқушысы Ибадулла Аяна қатысты. 6 «Ә» сынып оқушысы  Ибраимова Динара Абай Құнанбаевтың «Қасиетті дұға» өлеңін оқығаны үшін І-дәрежелі Дипломды иеленді. Ал 7 «Ә» сынып оқушысы Ибадулла Аяна 25-қазан - Республика күніне орай 
«Жаңа Қазақстанның дарынды оқушысы» атты республикалық форум
15
қазан
2022
«Жаңа Қазақстанның дарынды оқушысы» атты республикалық форум
15-қазан 2022 жылы Астана қаласындағы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университетінде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылды «Балалар жылы» деп атауына орай оқушылардың оқу-білімге деген қызығушылығын арттыру және дарынды оқушылардың арасында байланыс орнату мақсатында «Жаңа Қазақстанның дарынды оқушысы» атты республикалық форумы ұйымдастырылды. Аталған форумға М.Әуезов атындағы орта мектебінің 3 «Б» сынып оқушысы Сұлтан Диас Шарапатұлы қатысып, І-дәрежелі Дипломмен
"Күз кереметі" халықаралық сурет және қолөнер байқауы
21
қыркүйек
2022
"Күз кереметі" халықаралық сурет және қолөнер байқауы
2022 жылдың 21-қыркүйегінде Халықаралық шығармашылық және білім академиясы орталығының ұйымдастырған "Күз кереметі" атты І Халықаралық сурет және қолөнер байқауына М.Әуезов атындағы орта мектебінің 6 "Ә" сынып оқушысы Ибраимова Динара қатысты. Аталған байқаудың сурет номинациясы бойынша Ибраимова Динара І-орын иеленіп,  Дипломмен марапатталды. Жетекшісі: биология, психология мұғалімі М.Джамалиева
«AKVAREL ART HUB 2022» атты  шығармашылық байқау
21
қыркүйек
2022
«AKVAREL ART HUB 2022» атты шығармашылық байқау
2022 жылы 15 қыркүйек - 20 қазан аралығында ұйымдастырылған «AKVAREL ART HUB 2022» атты балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық онлайн байқауына М.Әуезов атындағы орта мектебінің 8 «А» сынып оқушысы Шахабад Алуа мен 7 «Ә» сынып оқушысы Ибадулла Аяна қатысты. 8 «А» сынып оқушысы Шахабад Алуа аталған байқаудың жеңімпазы атанып, І-дәрежелі Дипломмен, ал 7 «Ә» сынып оқушысы Ибадулла Аяна шараға қатысқаны үшін сертификатпен марапатталды. Жоғары кәсібилігі мен жұмысқа шығармашылық көзқарасы
Өз біліктілігін арттыру курстары
15
тамыз
2022
Өз біліктілігін арттыру курстары
2022 жылдың тамыз айында М.Әуезов атындағы орта мектебінің педагог-психологі М.Джамалиева  «Инклюзивті білім беруді дамыту жағдайындағы білім беру ортасының мазмұны», «Оқушыларға психологиялық қолдау көрсету» тақырыптарындағы білім беру бағдарламалары бойынша 80 академиялық сағат көлемінде курстарды аяқтады.
"Психологиялық-педагогикалық кеңес беру жадынамалары" жарияланды
08
маусым
2022
"Психологиялық-педагогикалық кеңес беру жадынамалары" жарияланды
2022 жылы ақпан айында облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен "Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ" марафонына М.Әуезов атындағы орта мектебінің педагог-психологтары А.Набиева мен М.Джамалиева қатысып, Алғыс хатпен марапатталды. Аталған іс-шарада мектеп психологы М.Джамалиева "Психологиялық-педагогикалық кеңес беру жадынамалары" тақырыбындағы баспаға өз материалдарын жариялады.
"Еркін ұлдың ұланымын" байқауы өтті
24
сәуір
2022
"Еркін ұлдың ұланымын" байқауы өтті
2022 жылы 24-сәуір күні Республикалық "Жас дарын" дарынды балалар орталығы 2022 - Балалар жылы" аясында ұйымдастырылған "Еркін ұлдың ұланымын" атты байқауына 2б сынып оқушысы Сұлтан Диас қатысып, "Көркемсөз" аталымы бойынша үздік өнер көрсеткені үшін Бас жүлдені иеленді. Жетекшісі М.Джамалиева Алғыс хатпен марапатталды.