15
қазан
2022
«Жаңа Қазақстанның дарынды оқушысы» атты республикалық форум
15-қазан 2022 жылы Астана қаласындағы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университетінде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылды «Балалар жылы» деп атауына орай оқушылардың оқу-білімге деген қызығушылығын арттыру және дарынды оқушылардың арасында байланыс орнату мақсатында «Жаңа Қазақстанның дарынды оқушысы» атты республикалық форумы ұйымдастырылды. Аталған форумға М.Әуезов атындағы орта мектебінің 3 «Б» сынып оқушысы Сұлтан Диас Шарапатұлы қатысып, І-дәрежелі Дипломмен марапатталды. Сонымен бірге Сұлтан Диас дарындылығы мен көшбасшылық қабілеті үшін «Қазақстанның Үміт артары дарынды оқушысы» атты төсбелгішесіне ие болып, оған арнайы сыйлық пен куәлік берілді. Сондай-ақ, «Bilim-orkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығының атынан мектеп директоры Н.Аубакирова, жетекшісі М.Джамалиева және оқушының ата-аналары Ш.Иззетова мен Ш. Кыдырбаевқа Алғыс хаттар табысталды.