01
желтоқсан
2023
Жаратылыстану-математикалық бағытта мектепішілік олимпиада
Жалпы білім беретін пәндер бойынша 5 – 6 сынып оқушыларына арналған және 7-8 сынып оқушыларына жаратылыстану-математикалық бағытта мектепішілік олимпиада өткізілді. 90 оқушы қатысты. Олимпиада материалдары сағат 13.00-де ашылды. Олимпиаданың мақсаты мен міндеттері: оқушылардың зияткерлікке және ғылыми білімге қызығушылығын дамыту, қабілеттерін, бейімділіктерін іске асыру үшін жағдай жасау, дарынды балалармен жұмысты іске асыру шеңберінде ерте бейіндеу, республикалық пәндік олимпиадаларға қатысу үшін жоғары ынталандырылған білім алушыларды анықтау. Оқушыларға олимпиада ережесі таныстырылып, жағымды педагогикалық-психогиялық қолдау білдірілді. Қорытындысын саралау барысында үздік деп танылған оқушылары келесі кезеңге жолдама алды.




