19
қазан
2023
Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған "Алтын тұғыр" олимпиадасы
Мұғалімдердің зерттеушілік және шығармашылық тұрғыдан өзін-өзі жүзеге асыруына жағдай жасауға, математиканы оқыту процесін жетілдіруге, жоғары кәсіби мұғалімдерді анықтау және қолдауға, математика пәнінен олимпиада тапсырмаларын шешуде педагогтардың біліктілігі мен дағдыларын жетілдіруге бағыттау мақсатында бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған "Алтын тұғыр" олимпиадасының мектепішілік кезеңі өтті. Олимпиаданың мақсаты – бастауыш мектеп мұғалімдерінің жоғары деңгейдегі олимпиадаларға дайындау қабілетін жақсарту, мұғалімдердің шығармашылық әлеуетін дамыту және педагогикалық шеберлігін жетілдіру, педагог мамандығының мәртебесін арттыру. Қорытындысы шығарылып, аудандық кезеңге сұраныс жіберілді. Ұстаздарымызға сәттілік тілейміз.