01
шілде
2023
Қазақстан Республикасы педагогтерінің "Алтын кітабы-2023" атты республикалық байқауы
2023 жылы 1 шілде күні Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту Министрлігінің ақпараттық қолдауымен, Астана қаласы Білім басқармасы N519 бұйрығы негізінде "Bilim-orkenieti" ұлттық-инновациялық ғылыми зерттеу орталығының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы педагогтерінің "Алтын кітабы-2023" атты республикалық байқауына М.Әуезов атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Кузенбаева Айнур Кызырбековна қатысты.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың "Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам" атты Қазақстан халқына арналған жолдауын білім беру саласының мамандары арасында кеңінен насихаттау мақсатында өткен Қазақстан Республикасы педагогтерінің "Алтын кітабы-2023" атты республикалық байқауының жеңімпазы атанған А.Кузенбаева І-дәрежелі Дипломмен марапатталды. Сонымен қатар, жоғарыда аталған орталығының атынан Қазақстан Республикасының білім және ғылым саласына қосқан айрықша еңбегі үшін "Білім беру ісінің үздік педагогы" атты төсбелгісі табыс етілді және куәлік берілді.