«Презентациядағы слайд макеті» тақырыбында ашық сабақ өткізді » Мұхтар Әуезов атындағы орта мектеп
Алматы облысы
Қарасай ауданы білім бөлімінің
"Мұхтар Әуезов атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72)771 5-42-87
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Презентациядағы слайд макеті» тақырыбында ашық сабақ өткізді
25
ақпан
2022

«Презентациядағы слайд макеті» тақырыбында ашық сабақ өткізді

24 ақпан күні М.Әуезов атындағы орта мектебінде өткен аудандық семинарға жас маман Токенбаева Айгерім Адлетовна қатысып, өз тарапынан белсенділік танытты 4ә сыныбымен «Презентациядағы слайд макеті» тақырыбында ашық сабақ өтті. Айгерім, сабағын оқушыларды есіктен құшақ жая қарсы алды. Оқушылар ілулі тұрған суретте бейнеленген амандасу түрін таңдап, мұғаліммен амандасты. Тақтада тұрған табиғат көрінісінен бір гүл шоғын алып, гүл түсіне сәйкес  топқа бөлінді.  Ұстаз оқушылармен амандасып, сабақтың бүгінгі ерекшелігін айта өтіп, оқушылардың назарын сабаққа аударды.
Оқушыларға бүгінгі сабққа арнайы тапсырма келгені, тапсырманы орындау барысында белгілі бір кезеңдерден өтулері керк екенімен және әр кезеңнен өте отырып, берілген табиғат фонында тиісті нысандар орналасып, нәтижесінде  қазақ елінің жазғытұрым көрінісінің пайда болуы керек екенімен таныстырды. 
Бірінші кезеңі (топтық жұмыс) «Сиқырлы конверт» үй тапсырмасын тексеру Мозаика әдісімен жүргізілді. Ол жерде әр топ мүшесіне конверт таратылып берілді. Конверт ішіндегі қағаз қиындысында берілген сұраққа жауап беріп, А4 парағына біріге мозаиканы жинақтау арқылы топтың аты және жаңа тақырып анықталды. 
Екінші кезеңде ұстаз жаңа тақырыппен, сабақ мақсатымен таныстырды және тақырыпты түсіндіру барысында оқушыларға сұрақ қоя отырып кері байланыс ала білді. 
Үшінші кезең «Компьютерде орындайық» (жеке жұмыс). Тапсырма «Табиғатты аялайық» тақырыбына слайд құрып, WordArd фигуралық мәтін құралын қолданып бір шумақ өлең жазу. Оқушылар нетбукта PowerPoint бағдарламасын ашып, слайд макетін таңдай білді. Сурет жанына фигуралық мәтін құралын қолданып табиғат туралы бір шумақ өлең жолдарын енгізіп, тапсырманы алғашқы аяқтағандары өлең жолдарын оқып берді. 
Төртінші кезең (жеке жұмыс) «Адасқан әріптер» әдісімен WordWell платформасында жасалынған ойын сілтемесі арқылы өтті. Ол жерде оқушылар смартфондарынан жіберілген сілтемені ашып әр әріпті тиісті орнына орналастырып, жасырылған сөзді анықтап, ашылған лидерлер кестесіне атын енгізіп қоюы керек. Тапсырманы оқушылардың көп бөлігі орындап, ұстазға анықталған сөдерді оқып берді. Бесінші кезең перфокарта арқылы тест жұмысы жүргізілді. Үлестірмелі парақта тест сұрақтары берілген жанында жауап парағы кесте түрінде қойылған. Оқушылар сұрақты оқып, дұрыс жауабын кестеде берілген тиісті нұсқаға плюс таңбасын қою арқылы орындады. 
Тест нәтижесін тексеру үшін оқушы жанындағы досымен жауап парақшаларын ауыстырып алып, тест кілтін кестенің үстіне қойю арқылы досының тесттен неше бал жинағанын анықтап, парақ соңында тұрған орынға жазып қойды.
Осы бес кезеңнен өту арқылы берілген табиғат фонына «күн», үш «киіз үй», «алтыбақан» нысандары орналасып суретте қазақ елінің жазғытұрым көрінісі пайда болды. Ұстаз сабақты қорытып, бағалап, үйге тапсырма берді.
 Сабақ  соңында оқушылар сабақтан алған әсерімен бөлісе отырып, сабақ басында алған гүл шоқтарын тақтадағы табиғат көрінісіне орналастырды. Ұстаз сабақты оқушылармен табиғат туралы өлең жолдарын хормен оқып аяқтады. 
4 сыныптың «Презентациялар» бөлмінің ортақ тақырыбы «Қоршаған ортаны қорғау» болғандықтан Айгерім сабақтың жалпы мазмұнын табиғатпен байланыстырды және сабағында  әр оқушының бойына табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, табиғатты аялауға, қорғауға баули алды.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив