17- 28 қантар аралығында мектебімізде «Словесник» орыс тілі мен әдебиеті пәні бірлестігі онкүндігі өткізілді » Мұхтар Әуезов атындағы орта мектеп
Алматы облысы
Қарасай ауданы білім бөлімінің
"Мұхтар Әуезов атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72)771 5-42-87
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 17- 28 қантар аралығында мектебімізде «Словесник» орыс тілі мен әдебиеті пәні бірлестігі онкүндігі өткізілді
28
қаңтар
2022

17- 28 қантар аралығында мектебімізде «Словесник» орыс тілі мен әдебиеті пәні бірлестігі онкүндігі өткізілді

17 қантар күні он күндіктің ашылуы болып өтті. Әдістемелік бірлестік мұғалімдері, оқушылар белсенділікпен қатысып, тілге деген өз сүйіспеншіліктерін танытты. Джанабаева Жулдыз Куралбаевна 8 сыныпта «Живая планета» тақырыбында ашық сабағын өткізді. Оқушылар жаңа тақырыпты түсініп, кері байланыс жақсы деңгейде өтті. 

19 қантар күні әдістеме бірлестік мұғалімдерінің ұйымдастырумен 5- 6 сыныптар арасында онлайн форматта мәнерлеп оқу сайысы өткізілді. Сайыс барысында оқушылар өз өнерлерін көрсете білді. Ең үздік оқырмандар мақтау қағаздарымен марапатталды. ІІІ орын 5ә сынып оқушысы Курманалиева Аружан, ІІ орын 5а сынып оқушысы Ізбасар Арман және І орынды Каллибеков Акылбек жеңіп алды. 

20- і қантар күні 8 сыныпта «Когда то они жили на земле» тақырыбында ашық сабақ болып өтті. Пән мұғалімі Д. Торгаева.


21-қантар күні орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Иматаева Гулмира Муфтуллаевна 7 сыныпта В. Г. Короленко «Слепой музыкант» тақырыбында ЗУМ платформасы арқылы ашық сабақты өткізді. 


21-қантар күні Худайназарова Куралай Умирзаковна 5 сыныпта «Шаги великана» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ мақсаты оқушылардың орыс тілі мен әдебиеті пәнінен өткен тақырыптар бойынша алған білімдерін қайталау, толықтыру және бекіту.


24-қантар күні Усманов Акылбек Октябрьевич 5 сыныпта «Искусство звука» тақырыпта ашық сабақ өткізді. Мұғалім әр түрлі тапсырмалар арқылы оқушылардың тақырып бойынша сөйлеу дағдыларын дамытты, оқушылар өз ойларымен бөлісті. 

25-қантар күні 8 сыныпта Изимбетова Сайяра Ашимбаевна «Когда то они жили на земле» тақырыпта онлайн түрінде ашық сабақ өткізді. Оқушылар жаңа тақырыпты жақсы түсініп, кері байланыс өте жақсы деңгейде өтті. Жаңа тақырыпқа  байланысты  әртүрлі тапсырмалар беріліп, сабақты түрлендіріп отырды. Мұғалім сабақта тыңдалым, оқылым, жазылым дағдылары бойынша тапсырмалар орындатты.


Сонымен қатар 25-қантар күні жас маман Сержанова Насиба Худайбергеновна 2 сыныпта «Наши верные помощники» тақырыпта ашық сабағын өткізді. Сабақ барысында оқушылар «В здоровом теле здоровый дух»  тарауынан өтілген тақырыптарды қайталап, осы  жайлы  өз білімдерімен бөлісті. Пысықтау  мақсатында «Лесная полянка» мәтінді   аудио жазба арқылы тыңдады, мәтіннің мазмұнына байланысты  тапсырмаларды орындады. Оқушылар тарауды жақсы меңгерген, өз ойларын еркін жеткізді.


26- қантар күні 9 сыныпта Джаксыбаева Венера Тулегеновна «Уильям Шекспир " Ромео и Джульетта"» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабаққа психологиялық ахуал қалыптастыру мақсатында "Өрмекші" әдісі, жаңа сабақты болжау мақсатында "Төрт сурет, бір сөз" әдісі қолданылды. Сабақ барысында әртүрлі деңгейлік тапсырмаларды орындау кезінде "Мені суретте", "Мен зерттеушімін", "Пошта" атты әдістер өте тиімді қолданылды. Сабақ соңында "Жүректен жүрекке" әдісі арқылы рефлексия орындалды. Сабақ өз мақсатына жетті.


27- қантар күні 3- 4 сыныптар арасында «Мой любимый литературный герой» тақырыбында суреттер байқауы болып өтті. Пән мұғалімдері оқушыларға сурет арқылы  тілді үйренуге және еркін өз ойларын жеткізуге қызығушылығын арттыруға әсер етті. Ең үздік сурет иелері мақтау қағаздарымен марапатталды. 

Барлық  өткізілген ашық сабақтарда, сыныптан тыс іс- шараларға сынып жетекшілер белсене ат салысты, оқушылар қызығушылықпен қатысты.  

     

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив