Психологиялық қызмет » Страница 11 » Мұхтар Әуезов атындағы орта мектеп
Алматы облысы
Қарасай ауданы білім бөлімінің
"Мұхтар Әуезов атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72)771 5-42-87
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
Өгей әке, өгей шешесімен тұартын оқушылармен жұмыс жүргізілді.
22
желтоқсан
2023
Өгей әке, өгей шешесімен тұартын оқушылармен жұмыс жүргізілді.
22 желтоқсан 2023ж «Жанұя» отбасын қолдау орталығының ұйымдастырған вебинарына М. Әуезов атындағы орта мектебінің педагог-психологтері А. Набиева мен М. Джамалиева қатысты, оларға өгей әке, өгей шешесімен тұратын категориясына жататын оқушылармен жеке жұмыс жүргізу тапсырмасы берілді. Мектеп психологтарына 1-11 сынып білім алушылар арасында өгей әке, өгей шешесімен тұратын оқушылармен жеке жұмыстары жүргізілді.
"Дарынды баламен жұмыс" тақырыбында вебинар өтті
07
желтоқсан
2023
"Дарынды баламен жұмыс" тақырыбында вебинар өтті
7 желтоқсан 2023ж күні «Алматы облысы білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі «Облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің әдіскері А. Таубаеваның «Дарынды баламен жұмыс» тақырыбындағы вебинарына Іле, Қарасай, Жамбыл, Райымбек, Еңбекшіқазақ аудандарының психологтары қатысып, тиімді әдіс-тәсілдерін үйренді.
Буллингтің алдын алу
07
желтоқсан
2023
Буллингтің алдын алу
7 сынып оқушыларымен мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Ж.Джанабаева мен О.Едилхан, мектеп психологі М.Джамалиева полиция капитаны ЮПТ испекторы Мустафаев Мейірбек Бакытовичпен бірлесіп, буллингтің алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Жобаға қатысты.
06
желтоқсан
2023
Жобаға қатысты.
6 желтоқсан 2023ж күні М. Әуезов атындағы орта мектебінің логопед маманы Л. Имангалиева, 2 "А" сынып жетекшісі Ш. Бабаева, директордың әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Г. Срымбаева мен педагог-психолог М. Джамалиева Алмалыбақ орта мектеп гимназиясында ұйымдастырылған «Біз - біргеміз!» тақырыбындағы логопед Ф. Утегенованың қорғаған жобасының мүшесі болды. 
Бала өміріне қауіпті заттардың алдын алу туралы
04
желтоқсан
2023
Бала өміріне қауіпті заттардың алдын алу туралы
4 сынып оқушылары мен ата-аналарына мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Ж.Джанабаева мен О.Едилхан, мектеп психологі М.Джамалиева мектеп инспекторы Раухан Болашаковнамен бірлесіп, адам өміріне қауіп тудыратын жарылғыш заттар мен зиянды әрекеттердің алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
"Akvarel" бейнелеу өнері халықаралық балалар орталығының байқауы
04
желтоқсан
2023
"Akvarel" бейнелеу өнері халықаралық балалар орталығының байқауы
2023 жылы 4 желтоқсанда "Akvarel" бейнелеу өнері халықаралық балалар орталығының ұйымдастыруымен өткізілген "Бояулар сиқыры" атты айқауына М. Әуезов атындағы орта мектебінің 5 "Б" сынып оқушысы Джумбаева Ақбаян қатысты. Ақбаянға аталған байқаудың халықаралық акварель күніне арналған бейнелеу өнері онлайн-байқауына қатысуын растайтын сертификат табысталды. 5 "Б" сынып жетекшісі Усманова Шынар Октябровна, мектеп психологі М. Джамалиева, Ата-анасы Жумабаева Майра Искендировнаға Диплом берілді.
"Бояулар сиқыры" байқауы өтті
01
желтоқсан
2023
"Бояулар сиқыры" байқауы өтті
     2023 жылы 1 желтоқсанда "Akvarel" бейнелеу өнері халықаралық балалар орталығының ұйымдастырған "Бояулар сиқыры" атты байқауына М. Әуезов атындағы орта мектебінің 3 "Б" сынып оқушысы Базарбаева Айдана қатысты. Аталған байқау халықаралық акварель күніне арналған бейнелеу өнері онлайн-байқауына қатысуын растайтын сертификатқа ие болды. А. Базарбаева бейнелеу өнерінен "Жайлау" тақырыбында сурет салды. 3 "Б" сынып жетекшісі Б. Доскалиева, мектеп психологі М. Джамалиева, ата-анасы Д.
"Ата-ана махаббаты"
28
қараша
2023
"Ата-ана махаббаты"
    2023 жылы 28 қарашада М.Әуезов атындағы орта мектебінің 1 "Б" сынып ата-аналарымен "Ата-ана махаббаты" тақырыбында тренинг өтті. Мақсаты: Ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынастың ерекшеліктерін психологиялық жаттығулары арқылы көрсету. Мектеп психологтары А.Набиева мен М.Джамалиева бірінші сынып ата-аналарымен ерекше амандасып, жақынырақ танысып, "Суретті жалғастыр", "Біз бақытты отбасымыз" ойыны мен жаттығуларын жүргізе отырып, ата-анасы мен баласының өзара жағымды қарым-қатынас
"Менің балам қандай?"
21
қараша
2023
"Менің балам қандай?"
    2023 жылдың 21 қарашасында М.Әуезов атындағы орта мектебінің 5 "Ә" сынып оқушыларының ата-аналарымен педагог-психологтары А.Набиева мен М. Джамалиева "Менің балам қандай?" тақырыбында тренинг-жаттығу өткізілді. Мақсаты: Қазіргі кездегі баланың дамуына, жеке тұлға болып қалыптасуына ықпал етіп, ата-ана тәрбиесінің әдіс-тәсілдерін жетілдіре отырып, жағымды қарым-қатынас орнату, ата-ананың бала тәрбиелеудегі оң психологиялық көзқарасын, балаға деген жауапкершілік сезімін қалыптастыру.
"Мен бақытты баламын" тренинг
17
қараша
2023
"Мен бақытты баламын" тренинг
"Қатыгездік пен зорлық-зомбылықсыз балалық шақ" ақпараттық науқаны аясында 8 "А" сынып оқушыларымен "Мен бақытты баламын" тақырыбында тренинг өткізілді. Мақсаты: оқушылардың әртүрлі зорлық-зомбылық түрлері туралы түсініктерін және қатыгездікке қарсы тұру қабілетін қалыптастыру, басқа адамның пікіріне құрметпен қарауға тәрбиелеу. Оқушылар тренингке белсене қатысып, тренинг соңында өз сезімдерімен бөлісе отырып, кері байланыс берді.