«Адал азамат тәрбиелеудегі жауапты ата-ана, қолдаушы ұстаз және қауіпсіз мектеп» тақырыбында ата-аналар жиналысы өтті » Мұхтар Әуезов атындағы орта мектеп
Алматы облысы
Қарасай ауданы білім бөлімінің
"Мұхтар Әуезов атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72)771 5-42-87
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Адал азамат тәрбиелеудегі жауапты ата-ана, қолдаушы ұстаз және қауіпсіз мектеп» тақырыбында ата-аналар жиналысы өтті
08
қыркүйек
2025

«Адал азамат тәрбиелеудегі жауапты ата-ана, қолдаушы ұстаз және қауіпсіз мектеп» тақырыбында ата-аналар жиналысы өтті

8.09.2025ж. күні М.Әуезов атындағы орта мектебінде директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, педагог-психологтары 4ә сыныбының жетекшісімен бірге «Адал азамат тәрбиелеудегі жауапты ата-ана, қолдаушы ұстаз және қауіпсіз мектеп» тақырыбында ата-аналар жиналысын үйымдастырды. Мақсаты: ата-ана, мұғалім және мектептің бірлескен жауапкершілігін арттыру, баланың бойында адалдық, әділдік, жауапкершілік сияқты тұлғалық қасиеттерді қалыптастыру жолдарын талқылау,  мектеп пен отбасы арасындағы өзара сенімді, қолдаушы қарым-қатынасты нығайту,  қауіпсіз және тәрбиелік маңызы бар орта қалыптастыру бағытында бірлескен іс-шаралар жоспарлау.
Ата-аналар жиналысын мектеп психологтары М.Джамалиева мен А.Набиева ата-аналар арасында жақсы қарым-қатынас пен ұйымшылдықты арттыру мақсатында ойын-жаттығу арқылы бастады. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, биылғы  жаңа 2025-2026 оқу жылында мектебіміздің тәрбие жұмысы «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын жүзеге асыру аясында жүргізілетінін және бұл бағдарлама оқушының адамгершілік құндылықтарын нығайтып, саналы әрі жауапты азамат ретінде өсіп-жетілуіне жол ашатынын хабарлай келіп, бала қауіпсіздігі ата-ана жауапкершілігінен басталатынын, балаларды қолдау  және мектеп формасына қойылатын талаптар туралы презентация арқылы айтып өтті. Сондай-ақ мектеп психологтары буллингтің алдын алу бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын нақты слайдтармен көрсетіп, кеңестер берді, жаднамалар таратты. Сынып жетекшісі Б.Мизанова ата-аналарды 4 сынып білім алушыларымен атқарылатын жұмыс жоспарымен таныстырып, бірлесіп жұмыс атқаруға, мектеппен өзара ынтымақтастарын нығайтуға шақырды.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив