05
қыркүйек
2025
1-11 сынып жетекшілеріне арналған оқыту семинарын өткізілді.
М. Әуезов атындағы орта мектебінде директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарллары педагог-психологтармен бірге “Балалардың қауіпсіздігі және зорлық-зомбылықтың алдын алу” тақырыбында 1-11 сынып жетекшілеріне арналған оқыту семинарын өткізді. Мақсаты: Балалардың өмірі мен денсаулығын қорғау, қауіпсіз орта қалыптастыру, зорлық-зомбылықтың барлық түрлерінің алдын алу, балаларды одан қорғау жолдарын үйрету, балалардың құқықтарын құрметтеу және оларды заңдық тұрғыда қорғауды қамтамасыз ету.
Семинар барысында қатысушыларға балалар арасындағы кездесетін буллингтің негізгі түрлері: физикалық буллинг, психологиялық (эмоциялық) буллинг, әлеуметтік (изоляция) буллинг, вербалды буллинг, кибербуллинг туралы презентация арқылы толық мағлұмат берілді. Сонымен қатар, буллингтің алдын алу бойынша теориялық және практикалық білімдерін кеңейту мақсатында педагогтерді 3 топқа бөліп, І-ІІ топ қатысушылары әртүрлі кейс жағдаяттарын талдап, өзара пікір алмасты. Педагог-психологтар А.Набиева мен М.Джамалиева ІІІ-топ қатысушыларымен “Негатив және позитив” тренингін жүргізіп, “Мектептегі буллингтің алдын алу” бойынша жадынама таратты. Семинарға қатысушылар бүгінгі іс-шарадан үлкен ой түйіп, қажетті ақпараттарды алып, өз практикаларында қолданатындықтарын айтты.