"Кел, араласайық!" тақырыбында қарым-қатынасқа арналған
14.02.2025ж.күні мектеп психологтары 11 сыныпқа жаңадан келген оқушыларды сыныпқа, жаңа ортаға араластыру, олардың бір-бірімен қарым-қатынасын жақсарту, бір-біріне деген түсіністікке, достыққа, жолдастыққа тәрбиелеу, қарым-қатынастың қалыптасуына әсер ету мақсатында "Кел, араласайық!" тақырыбымен қарым-қатынасқа арналған ойын-жаттығулар жүргізді. Оқушылар тренингке көңілді және белсене қатысты.