15
қараша
2024
«Сөйле балақай!» атты шебер-сынып өтті
2024 жылдың 15 қараша күні мектебімізде логопед маман Утегенова Фарида Курышбековна сөйлеу тілі кемістігі бар оқушылардың аналарымен «Сөйле балақай!» атты шебер-сынып өткізді. Мектеп психологы Джамалиева Мария Маратовна ата-аналарға тренинг өткізіп, оларға үнемі қолдау көрсету туралы кеңестер берді. Логопед маман Ф.Утегенова балалардағы сөйлеу тілі кемшіліктерінің түрлі себептерін түсіндірді. Осындай балаларға домжағдайында қандай көмек көрсету керек екендігін түрлі жаттығулар арқылы көрсетті. Аналар ұсақ моториканы, тіл жаттығуларын үйренгендерін айтып, маманға риза болып алғыс айтты. Балалардың сөйлеу тілі кемшіліктерін түзетуге логопед мамандары бар күш- жігерін салып қызмет етуде.