Буллинг! Себептері, салдары, қорғану әдістері
2024 жылдың қарашаның 4 күні педагог-психологтің 2024-2025 оқу жылына арналған жұмыс жоспарына сәйкес А. Набиева мен М. Джамалиева 1-11 сынып оқушыларының ата-аналарына арналған ,ekkbgu!ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жалғасын табуда... Білім алушылар мен тәрбиеленушілер арасында жәбірлеудің (буллингтің) профилактикасы мен болдырмау мәселелері қарастырылу үшін ата-аналарға төмендегідей үлгіде (және тағы да басқадай үлгіде) кеңестер берілді. Атап айтсақ:
Шынайы өмірде байланыста болыңыз. Онлайн және офлайн әлемдер арасындағы шекара көмескіленіп бара жатқандай сезілуі мүмкін, осыған байланысты біздің осы сәтте өмір сүріп, біздің туа біткен қажеттілігіміз - адамдармен қарым-қатынас жасасу қажеттілігімізді қанағаттандыру барған сайын қиындап бара жатыр. Сіз айналысып жатқан ісіңізді әлеуметтік желілерде ол туралы есеп жасау үшін бөлетініңізді немесе достарыңызға қоңырау шалып немесе кездесіп, жағдайларын білудің орнына, олардың оқиғаларын желілерден оқитыныңызды қай уақытта болмасын байқадыңыз ба? Әлеуметтік желілерден аракідік шығып немесе оларды пайдалануда үзіліс жасап, уақытты шынайы өмірде достарыңызбен немесе отбасыңызбен қауіпсіз жағдайларда өткізу маңызды. Өз алдыңызға дербес шынайы мақсаттар, мысалы, оянғаннан кейінгі немесе ұйықтардың алдындағы бір сағаттың ішінде телефонды қолға алмау немесе интернетке кірмеу (сіз энергияңызды босқа жұмсайсыз және ақпаратты сүзгілемей жұтуға етіңіз үйреніп кетеді) мақсаттарын қойып көріңіз. Медитация, серуендеу немесе досыңызға қоңырау шалу сияқты істер де сізді осылай ынталандыратын болады, бірақ сіз өзіңізді анағұрлым жинақталған және байсалды сезінетін боласыз.
