24
қыркүйек
2024
2 "Ә" сынып ата-аналар жиналысында ойын-жаттығулар жүргізілді.
2 "Ә" сынып ата-аналар жиналысында ата-аналарға психологиялық қолдау көрсетілді. Жиналыс тақырыбы: «Жанұя бақыты.» Мақсаты: Отбасы тәрбиесіндегі ата-ананың балаға тәрбиелік ықпалын арттыру, тәрбиенің ең тамаша жері отбасы екенін, олардың бала тәрбиесіндегі мүмкіндіктерінің жоғары екенін, баламен жақсы қарым - қатынас орнату, бала тәрбиесіне көп көңіл бөлудің маңыздылығын ашу.
Сынып жетекшісі Ф. Утегеновамен бірге мектеп психологтері А. Набиева мен М. Джамалиева ата-аналар жиналысын өткізді. Педагог-психологтер ойын-жаттығулар мен миға шабуыл, сұрақ-жауап стратегияларын қолданды. Ата-аналар жауапкершіліктері мен, ауызбіршіліктерін көрсете алды, көңіл күйлері көтерілді.Отбасы бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы. Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының тигізетін әсері мол. Қатысып ой бөліскендеріңіз үшін рахмет!
