07
маусым
2023
"ҮЗДІК ПЕДАГОГ-ПСИХОЛОГ" республикалық байқауының жеңімпазы атанды
2023 жылдың 7 маусымында Қанипа Бітібаева атындағы республикалық ғылыми-әдістемелік зерттеу орталығының педагог-психологтардың кәсіби шеберлігін арттыруға жағдай жасап, жұмыс тәжірибелерімен алмасу және тарату, кәсіби және шығармашылық қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында ұйымдастырылған республикалық "ҮЗДІК ПЕДАГОГ-ПСИХОЛОГ" байқауына М. Әуезов атындағы орта мектебінің психологі М.Джамалиева қатысып, көрсеткен үздік нәтижесі үшін 2 дәрежелі Дипломмен марапатталды. Сонымен бірге, жоғарыда аталған орталығының № ЖС 02-04/7-059 "ҮЗДІК ПЕДАГОГ-ПСИХОЛОГ" республикалық байқауының жеңімпазы М.Джамалиеваға республикалық басылым беттерінде 2 тегін мақала (ғылыми мақала, шығармашылық жұмыс) жариялау үшін сертификат берілді. Бұл сертификат 1 (бір) жыл мерзімге жарамды.





