01
ақпан
2023
«Баланы қорлаудың (буллингтің) алдын алу ережелері» тақырыбындағы онлайн вебинар
2023 жылдың 1-ақпанында Қазақстан Республикасы Білім министрлігінің тапсырмасы бойынша білім беру мекемелеріндегі педагог-психологтарға арналған «Баланы қорлаудың (буллингтің) алдын алу ережелері» тақырыбындағы онлайн вебинары өтті. Онлайн вебинарға М. Әуезов атындағы орта мектебінің ппсихологтары М. Джамалиева, А. Набиева қатысты. Олар аталған іс-шарадан жасөспірім кезеңіндегі кездесетін буллингтің түрлері, себептерін анықтау, қиыншылықтардың және оның алдын алу жұмысын жүргізудің тиімді әдістерімен танысты, жалпы буллинг туралы кеңінен ақпарат алды.