11
қыркүйек
2023
“Тілім бар да қазағым бар, халқым бар”
2023 жылдың 11 қыркүйек күнінде М.Әуезов атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Кузенбаева Айнур Кызырбековна 4" Ә" сынып оқушыларымен Тіл апталығына орай “Тілім бар да қазағым бар, халқым бар” тақырыбында сынып сағатын өткізді. Іс-шараның мақсаты: Оқушыларды өз ана тілін сүйіп, сауатты жазуға, мәдениетті сөйлеуге, кітаппен дос болып, өз тілін терең меңгеріп, өз ойын толық жеткізе алатындай жан-жақты тұлға болып қалыптасуына ықпал ету. Әрдайым өзін-өзі дамытуға үйрету. Өскелең ұрпаққа ана тілінің тұғырының мықты болуы үшін ерен еңбек етіп етуге, қай жерде, қай мемлекетте жүрсе де әрқашан қазақ тілінің мәртебесін көтеруге, патриот болуға тәрбиелеу. Оқушылар Тілдің туын көтерген Майқы биден бастап, жазба тілдің негізін салған Абай, "Алаш" деп ұрандаған Ахмет, сыршыл ақын Мағжан, қазақты әлемге танытқан Мұхтар Әуезов, Жамбыл ақын бастаған тілінен май тамған ақындар тобы және сөз өнері Ғабит пен Ғабиден - тіліміздің ертеңі үшін ой таразасын тербеген ақын-жазушылардың портреттерін ұстап тұрып, жеке-жеке шығармаларымен таныстырды. Сондай-ақ, 4 "Ә" сыныптың білім алушылары "Төле бидің жұмбағы" атты көрініс қойды, тіл туралы мақал-мәтелдерін айтты, "Анамның тілі - аяулы үні" тақырыбында әсем ән орындады. "Тілім бар да қазағым бар, халқым бар" атты сынып сағаты үнтаспадағы Абай Құнанбаевтың он тоғызыншы қара сөзін тыңдаумен, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ж.Жанабаеваның түйінді сөзімен қорытындыланды. Бұл шара өте жоғары деңгейде өтті.