10
ақпан
2022
3 "Б" сынып оқушыларымен Ыбырай Алтынсариннің "Әке мен бала" әңгімесі бойынша талқылау өткізілді.
10.02.2022ж күні М.Әуезов атындағы орта мектебенің 3 "Б" сынып оқушыларымен Ыбырай Алтынсариннің "Әке мен бала" әңгімесін тамашалап, әңгіме желісі бойынша талқылау үшін сұрақ-жауап әдісі қолданылды. Балалар еріншек пен жалқаулық қасиетінің жағымсыз екенін, баланың әкесінің айтқанын тыңдамай, жерде жатқан тағаны алмай он рет еңкейіп құрма жеген іс-әрекетін бұрыс деп есептейтіндерін айтты. Сондай-ақ, олар Ыбырай Алтынсарин бұл шығармасы арқылы жеке тұлғаның бойындағы адалдық, табандылық, еңбекқорлық сияқты адами қасиеттерін бойына сіңіріп, ата-анасының тіл алғыш баласы болуға шақыратынына көздерін жеткізді.