"Танысайық, балақай!" психологиялық тренинг
2024 жылдың 25 шілде күнінде «М. Әуезов атындағы орта мектеп» базасындағы «Айгөлек» демалыс тынығу алаңының IV-кезеңінде педагог-психолог М. Джамалиева балалармен «Танысайық, балақай!» тақырыбында психологиялық ойын-жаттығуларын ұйымдастырды. Мақсаты: Балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, дамытушылық ойындар арқылы логикалық қабілетін дамуына, интеллектуалдық деңгейін көтеруіне ықпал жасау. Жұмыс барысында тәрбиеленушілердің логикалық ойлары дамып, көңіл күйлері көтерілді.