Психологиялық қызмет » Страница 7 » Мұхтар Әуезов атындағы орта мектеп
Алматы облысы
Қарасай ауданы білім бөлімінің
"Мұхтар Әуезов атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72)771 5-42-87
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
Педагогикалық шеберлік орталығының семинары
21
сәуір
2023
Педагогикалық шеберлік орталығының семинары
2023 жылдың 20-21 сәуір күндері мектеп психологы М. Джамалиева "Назарбаев Зияткерлік мектептері" ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы өткізген "Сабақтың зерттеу қадамдары және оның тиімділігін арттыру" тақырыбындағы 16 академиялық сағат көлеміндегі семинарға қатысты.
Оқушыларға арналған жадынама
21
сәуір
2023
Оқушыларға арналған жадынама
2023 жылдың 21 сәуір күні М.Әуезов атындағы орта мектебінің педагог-психологтары А.Набиева, М.Джамалиева 9-сынып оқушыларына арналған мамандықты дұрыс таңдауға байланысты психологиялық жадынама таратты.
Қобалжуды болдырмауға арналған тренинг
20
сәуір
2023
Қобалжуды болдырмауға арналған тренинг
20-сәуір 2023ж күні М.Әуезов атындағы орта мектебінің педагог-психологі А.Набиева 11-сынып оқушыларымен қорытынды аттестаттауға дайындау барысында "Қобалжуды болдырмау" тренингін жүргізді.
"Отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу" тақырыбында психологиялық кеңес
14
сәуір
2023
"Отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу" тақырыбында психологиялық
Жалпы білім беретін мектеп психологтарына арналған «Психологиялық тұрғыда тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу» тақырыбында ұйымдастырылған облыстық онлайн марафонының ІІ кезеңінің шарты бойынша 2023 жылдың 14 сәуір күнінде М.Әуезов атындағы орта мектебінің психологі М. Джамалиева «Отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу» айдарында ата-аналар мен оқушыларға психологиялық кеңестер берді. Сонымен қатар, психолог Мария Маратовна стресс кезінде адамның миының жұмыс істеу тәртібі өзгеретінін,
Алғыс хат табысталды
13
сәуір
2023
Алғыс хат табысталды
2023 жылы 13-сәуірде Daryn.asia - халықаралық, үш тілде оқытатын онлайн оқу орталығы ұйымдастырған халықаралық байқауға балаларды дайындап, қатыстырғаны үшін М.Әуезов атындағы орта мектебінің педагог-психологі М.Джамалиеваға Алғыс хат табысталды. Аталған мекеменің директоры Әсел Оңғарқызы Мария Маратовнаға еліміздің жарқын келешегі үшін атқарып жатқан игілікті істеріңізге толағай табыстар тілейміз деген жылы лебізін білдірді.
7 сынып ата-аналар жиналысы
11
сәуір
2023
7 сынып ата-аналар жиналысы
        Қазіргі кездегі баланың дамуына, жеке тұлға болып қалыптасуына ата-ана тәрбиесінің үлесі зор екендігін түсіндіре отырып, ата-аналарды өздерінің балаларының жан-дүниесін түсінуге, дұрыс қарым-қатынас жасауға  және қиындықта қол ұшын соза білуге ықпал ету мақсатында 2023 жылы 11 сәуір күні М.Әуезов атындағы орта мектебінде «Ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту» тақырыбында мектеп психологтары А. Набиева, М. Джамалиева 7-сынып оқушыларының ата-аналарымен тренинг өткізді.
"2022-2023 оқу жылындағы психологиялық қызметтің қыркүйек-наурыз айларында атқарылған жұмыстары туралы"
20
наурыз
2023
"2022-2023 оқу жылындағы психологиялық қызметтің қыркүйек-наурыз
2023 жылы 20-наурызда "Алматы облысы білім басқармасының Қарасай ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің әдіскері Ж.Нуртазаевтың берілген тапсырмасы бойынша М.Әуезов атындағы орта мектебінің психологі М.Джамалиева "2022-2023 оқу жылындағы психологиялық қызметтің қыркүйек-наурыз айларында атқарылған жұмыстары туралы" тақырыбында ақпаратты толтырып жіберді.
Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мейрамы құтты болсын!
19
наурыз
2023
Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мейрамы құтты болсын!
2023 жылы наурыздың 19-і күні педагог-психолог М.Джамалиева 22-наурыз – Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамына орай М.Әуезов атындағы орта мектебінің келе жатқанұстаздарын, оқушыларын және ата-аналарын құттықтап, жылы лебізін білдірді.
11-сынып ата-аналарымен жиналыс
19
наурыз
2023
11-сынып ата-аналарымен жиналыс
2023 жылы наурыздың 19-жұлдызында М.Әуезов атындағы орта мектебінің педагог- психологі А.Набиева 11-сынып оқушыларын мемлекеттік қорытынды аттестаттауға психологиялық тұрғыда сүйемелдеу мақсатында ата-аналарға стресстің бала психологиясына кері әсері және одан арылу жолдары, қорытынды аттестаттауға және ҰБТ-ге балаға психологиялық қолдау көрсету жолдарын түсіндіріп, кеңестер берді. "Мен үшін ҰБТ..." , "Қар қиыршықтары" т.б. тренингтер жүргізді.
"Қазтест"
17
наурыз
2023
"Қазтест"
2023 жылы наурыздың 17-күні Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Қазақстан Республикасында тіл саясатын іске асырудың  2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының негізінде М.Әуезов атындағы орта мектебінің педагог-психологтары А.Набиева, М.Джамалиева Қаскелең қаласындағы Мәдениет үйіндегі Қазақ тілін дамыту орталығына барып, «Қазтест» тапсырды.