13
қыркүйек
2024
9 а сыныбында өткізілген ата-аналар жиналысында баланы мамандыққа бейімдеуге кеңестер берілді.
Ата-аналарға жеткіншектердің болашақ мамандықты өз бетімен таңдауға мүмкіншілік беруін түсіндіру мақсатында "Мамандық таңдауында ата-ананың маңызы" тақырыбында мектеп психологі кеңестер берді.
- Әр ата-ана баласының мамандығы жайында білуі керек екенін және мамандық таңдау - адам өміріндегі ең маңызды қадамдардың бірі, оны тандай отырып алдымен баланың қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына қарау керек, содан кейін барып жанұялық салтпен санасуға болатынын айта келіп, балаларға мамандык таңдау бойынша ата-аналарға арналған кеңес-жадынамалар таратты.